Мемлекеттік тіл –менің тілім
П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебінде 15 -22 қыркүйек аралығында «Қазақстан Республикасының Тілдер күніне» арналған мектепішілік онкүндік болды. Онкүндік барысында әртүрлі тақырыпта мерекелік іс – шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 5 – 11 сыныптар арасында үш тұғырлы тіл саясаты негізінде «Мәнерлеп оқу» сайысы, «Қазақ халқының салт – дәстүрінен» сурет көрмесі
болып өтті. Мәнерлеп оқу сайысынан 8 «в» сынып оқушысы Шубина Людмила 1 – орын, 7 «б» сынып оқушысы Бабенко Анастасия 2 – орын, 11 «б» сынып оқушысы Ремша Виктория 3 - орын иеленді. «Тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген аудандық «Мен -
елімнің патриотымын» атты мұғалімдер сайысында мектеп намысын қорғаған мұғалімдер 3 – орын иеленді. «Тіл – халық
жанын танудың кілті» атты 7 – сыныптар арасында өткізілген аудандық сайысқа 7 «б» сынып оқушысы Тинкова Янина қатысып,
жүлделі 2 – орынды жеңіп алды. 8 – сыныптар арасында өткізілген «Қазақстан бақытымның ордасы» атты аудандық сайыста 8 «в» – сынып оқушысы Шубина Людмила 2 – орынға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі: Бейсенова А.Ж.