Рухани жаңғыру -еліміздің болашағы жарқын, табысты болуының кепілі!
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлесі мен нақты қадамдарын көрсететін
батыл шешімдерге құрылған құжаттардың бірі деп ойлаймын. Мұндағы басты алты бағыт белгіленген. Бәсекеге қабілеттілік,Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы сияқты бағыт бағдарымыз «Мәңгілік ел » болуымыз үшін ауадай қажетті құндылықтармен айқындалған. Мен елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, біздің
болашағымызға рухани мәдениеттілік пен тәрбие, білім мен сананың, ұлттық құндылықтарды жоғары деңгейде жүзеге асыруы керектігін түсінемін. Елбасының рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары дұрыс. Әсіресе, білім жүйесінің бірінші кезекте тұру керек деп есептеймін. Өзім білім саласында қызмет еткендіктен, оны ашық түсінемін. Еліміздің Мәңгі болуы жастар ғана емес, қарт ата әжелеріміздің бізге жеткізген мұраларының құндылықтары да деп есептеймін. Ендеше еліміздің патриоттарын білімді, тәрбиелі етіп өсуіне барша жұрт бірігіп ат салысумыз керек. Міне, сонда ғана еліміз мәңгі, рухты болады!
П.Исаков атындағы № І Ақкөл орта мектебінің
қазақ тілі мұғалімі Клышева Асем Толеуовна