Бугін Ақкөл қаласының аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының 25 жылдық тәуелсіздігіне арналған "Қазақстан Республикасының Рәміздері" атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге Ақкөл қаласының құрметті тұлғасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мананбаева Айжан Кенжебевна және Жастар ресурстық орталығының директоры Кусаинова Мадина Каиртаевна шақырылды.Іс-шараның бастапқы кезеңінде оқушыларға Қазақстан Республикасының Рәміздері бойынша бейнебаян көрсетілді, кейін жиналған оқушылар арасында сұрақ - жауап түрінде ойын жүргізілді (дұрыс жауап берген оқушыларға кішкентай сыйлықтар берілді). Іс- шараның негізгі бөлімінде оқушыларға аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасалды.Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту болды. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу болды.