2026 жылдың 5 маусымында 11-сынып оқушылары жалпы орта білім беру бойынша қорытынды бағалау аясында «Алгебра және анализ элементтері» емтиханын тапсырды. Емтихан бекітілген кестеге және қорытынды бағалау талаптарына сәйкес өткізілді. Оқушылар оқу жылдарында алған білім, білік, дағдыларын көрсетті. Емтихан түлектердің математикалық дайындығын бағалауға бағытталған әр түрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды қамтыды. Емтихан барлық белгіленген қорытынды бағалау ережелерін сақтай отырып, тыныш және ұйымдасқан жағдайда өтті. Түлектер тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, белгіленген уақытта жұмысты аяқтады.

05.06.2026

Просмотров: 15345


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу