Біздің мектебіміз «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен «Таза өлке – Ақкөл» экологиялық акциясына қатысты. Іс-шара қалалық стадион жанындағы орман саябағында өтті. Оған мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, студенттер, еріктілер, сондай-ақ мектебіміздің оқушылары мен педагогтері қатысып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.