Біздің команда «Жас Ұрпақ» қозғалысының өкілдері арасында өткен аудандық дебат турниріне қатысты. Пікірталастың негізгі тақырыбы: «Әділетсіз жолмен бай болу мүмкін емес» болды. Қатысушылар сыни ойлау қабілеттерін көрсетіп, өз көзқарастарын сенімді түрде қорғап, жоғары деңгейдегі шешендік өнерлерін дәлелдеді. Команда ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, мектебіміздің абыройын лайықты деңгейде қорғады. Турнир қорытындысы бойынша біздің мектеп Бас жүлдені иеленді!